Түркістан қаласында оқушылардың тек білім алумен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты дамуына зор мүмкіндік жасалған. Әрбір мектепте түрлі үйірмелер тұрақты түрде жұмыс істеп, балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға жол ашып отыр. Үйірмелерге білім алушылар ерекше қызығушылықпен қатысып, өздерінің жаңа қырларын танытып келеді.