21 Май 2025, Ср

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ШАРАЛАРЫ АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАРАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Е. Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес отырысы өтті. Ақ жағалылардың басын қосқан жиында 2 мәселе қаралды. Бірі санитарлық тазалық және аумақтарды абаттандыру барысы туралы болса, екінші мәселе ұлттық бірыңғай тестке дайындық және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру шаралары жайлы болды.