Отырар ауданында мүгедектігі бар азаматтарды қолдау — әлеуметтік саясаттың маңызды бағытына айналған. Қазіргі таңда аудандық Мансап орталығы осы санаттағы жандарға жұмыс табуға көмектесіп, олардың қоғамнан тыс қалмауына жол бермеуде. Арнайы жұмыс орындарын ұсынып, кәсіби бағыт-бағдар беріп жүрген орталықтың көмегімен бірқатар тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылды.
