Отбасы институтының тұрақтылығы – ұлттық қауіпсіздіктің негізі. Ажырасу көрсеткіштерінің жоғарылауы мемлекет пен қоғам үшін дабыл қағарлық жағдай. Бұл мәселені жекелеген отбасының ғана емес, кешенді мемлекеттік саясат арқылы шешудің маңызы зор. Отбасы құндылықтарын насихаттау және жас жұбайларға қолдау көрсету – басты бағыттардың бірі.