17 Сен 2025, Ср

ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ «ОТБАСЫ – БАҚЫТ МЕКЕНІ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайы» – ЮНЕСКО клубында Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты шығармашылық кеш өтті. Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, ұлттық тәрбие мен рухани бірлікті ұлықтау. Кешке ұстаздар, ата-аналар, оқушылар және қоғам белсенділері қатысып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған түрлі өнер туындылары ұсынылды.