Қоғамымызда отбасылық құндылықтардың маңызы күннен-күнге артып келеді. Отбасы – адамның ең бірінші әлеуметтік ортағы, оның тәрбиесі, адамгершілігі және дүниетанымының қалыптасуы осы ортада жүзеге асады. Дегенмен, бүгінгі күнде көптеген отбасылар түрлі қиындықтарға тап болып, ажырасуға дейін барады. Соның ішінде бала көтере алмау мәселесі – отбасылық тұрақтылыққа қатер төндіретін өзекті факторлардың бірі болып отыр.