«Анаға тағзым» орталығы – отбасы құндылықтарын сақтау мен нығайтуға, ананың қоғамдағы мәртебесін арттыруға және өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік бағыт беру ісіне арналған әлеуметтік-мәдени кешен. Мұнда тәрбие мен құндылықтарды дәріптеуге арналған түрлі оқыту курстары, кездесулер мен танымдық жобалар жүзеге асырылады.