Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №66 орта мектепте өткен 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Жиында алғашқы қоңырау соғылып, өнерлі өрендердің ән-шашуы мен мерекелік қойылымдары көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.