23 Апр 2025, Ср 4:06:19 PM

ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Биылғы оқу жылында Республикалық ғылыми жобалар байқауына облысымыздың 50 оқушысы қатысып, оның ішінде 29 жас дарын жүлделі орынға ие болған.Бүгін Аймақ басшысы облысымыздағы  білім бәйгелерінің жеңімпаздарымен кездесу өткізді.Кездесуге барлығы 93 дарынды оқушылар және пән мұғалімдері қатысты. Кездесу барысында облыс әкімі оқушыларға өміршең ақыл-кеңестерімен бөлісіп,біршама сауалдарына жауап берді.