27 Сен 2025, Сб

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Таразда Жамбыл облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымының жиырма алтыншы сессиясы өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары және қоғам өкілдері қатысты. Күн тәртібінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, экологиялық тұрақтылыққа, жер қатынастарына және кадрлық мәселелерге қатысты маңызды ұсыныстар қаралды.