22 Май 2025, Чт 1:08:32 AM

ОБЛЫСТА ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Су шаруашылығы және ветеринария саласының өзекті мәселелері қаралған Комитеттің көшпелі отырысы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің, бірқатар министрліктер өкілдерінің, шаруа қожалықтары, сондай-ақ салалық бірлестіктердің қатысуымен өтті.