Тараз қаласында қазақ музыка өнерінің аса көрнекті өкілі, ҚР «Халық қаһарманы», КСРО және Қазақстанның халық әртісі, композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр сазын тербеген Нұрғиса» атты шығармашылық концерт ұйымдастырылды. Іс-шара – өнерпаздың рухани мұрасын насихаттау және жас ұрпақ бойына ұлттық өнерге деген құрметті сіңіру мақсатында өткен айлықтың жабылу рәсімі аясында өтті.