Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаетың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында облыс әкімдігінде тұрғындар үшін жеке қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы орайда, облыс басшысы Нұралхан Көшеров жергілікті тұрғындарды жеке қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Жауапты сала басшыларымен бірге мәселелердің оңтайлы шешу жолын қарастырды.