Тараз қаласындағы “ARAI-ELITE” мектеп-гимназиясында ЖО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Тергеу басқармасы, Кинология қызмет орталығы және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Есірткі – саған у, оларға табыс. Таңдау – сенікі» атты акция және оқушыларға арналған семинар өтті.