М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен қытайлық серіктестер арасындағы ғылыми-оқу ынтымақтастығы нығаюда. Осы мақсатта аталған жоғары оқу орнына Қытай Халық Республикасынан арнайы делегация келіп, бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласына арналған зертханалық жабдықтарды бірлесіп қолдану, ғылыми жобалар жүргізу және кадр даярлау мәселелерін талқылады.
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ОҚУ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЫҒАЮДА
