Елімізде жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурсқа өтініш қабылдау 13 шілдеде ресми түрде басталды. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қабылдау комиссиясында болып, құжат қабылдау науқанының барысымен танысып қайтты.
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БІЛІМ ГРАНТТАРЫНА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
