30 Июл 2025, Ср

МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР НЕ БЕРЕДІ?

Қазіргі таңда халықтың 83 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылған. Алайда 3,3 миллионға жуық азамат жүйеден тыс қалып отыр. Осыған орай мемлекет басшысы жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруды тапсырды. Ендігі міндет – әлеуметтік осал топтар мен ресми жұмыссыздар үшін жарналарды жергілікті бюджет есебінен төлеу.