Шардара ауданында мүгедектігі бар адамдарды қоғамға бейімдеу бойынша нақты жұмыстар қолға алынған. Бұл бағытта атқарылып жатқан шаралар олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, күнделікті тұрмысын жеңілдетуге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беруге негізделген.