Арыс қаласында мүгедектігі бар жандарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда қала бойынша 2570 мүгедектігі бар адам тіркеуде тұр. Оның ішінде:
• I топтағы жандар – 172,
• II топтағы жандар – 898,
• III топтағы жандар – 1005,
• 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 495 адамды құрайды.Олардың әрқайсысының ерекше күтім мен қолдауға зәру екенін ескерген Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі түрлі әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде жүзеге асырып отыр.