16 Сен 2025, Вт

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА МОЛ МҮМКІНДІКТЕР БАР

Мүгедектігі бар жандардың өмірге деген құлшынысы мен еңбекке деген ерік-жігері – өзгелерге үлгі. Олардың тағдырға мойымай, қоғамға пайдасын тигізуге талпынысы – үлкен құрметке лайық. Жетісай ауданында да мүгедектігі бар азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп, өз кәсібін ашуына жағдай жасалуда. Соның нақты бір мысалы – 1-топтағы мүгедек Жандос Қалдыбаев.