Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін нақты қолдаудың тиімді үлгісі қалыптасқан. Солардың бірі – 2-топтағы мүгедектігі бар Алтынай Оразбаева. Ол ротанг жиһаз жасау бойынша қайтарымсыз грантқа ие болып, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Бұл қадам тек жеке өмірін жақсартумен шектелмей, қоғамға бейімделуге және өз қабілетін толық іске асыруға жол ашқан маңызды бастама болды.