16 Сен 2025, Вт

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Келес ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Бұл бағытта Келес аудандық мансап орталығының атқарып жатқан жұмысы ауқымды. Мақсат — еңбекке қабілетті жандардың қоғамға бейімделуіне, өз орнын табуына жағдай жасау. Осыған орай, түрлі сала бойынша квоталық негізде бос жұмыс орындары ұсынылып, азаматтар тұрақты жұмысқа орналасуда.