18 Авг 2025, Пн

МҮГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУ – МАҢЫЗДЫ МАҚСАТ

Сарыағаш ауданында мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуына ерекше назар аударылып келеді. Мұнда тек материалдық көмекпен шектелмей, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына жағдай жасалады. Ал әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы — тек кәсіби міндет емес, шынайы жанашырлық пен жауапкершілікті талап ететін күрделі іс.