31 Июл 2025, Чт

МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ САҚТАЛУДА

Мойынқұм ауданының әкімі Ерлан Карентаевтың мәліметінше, ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында аудан экономикасында тұрақты өсім байқалуда. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 59,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,7 млрд теңгеге артқан. Бұл көрсеткішке негізінен 784 келі алтын, 145 келі күміс және 557,9 мың тонна цемент өндірісі есебінен қол жеткізілді.