«Меркі ауданында Өрт–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға бағытталған ауқымды оқу-жаттығу шарасы өткізілді. Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен орман шаруашылығы мекемесі бірлесіп ұйымдастырушы ретінде қатысып, барынша күш жұмылдырылды.