Бауырсақ – түрі көп болғанымен, дәмі мен мағынасы ортақ ұлттық тағам. Алайда еліміздің әр өңірінде оны дайындаудың өзіндік ерекшелігі мен тәсілі қалыптасқан. Осы ұлттық ерекшелікті дәріптеу және мәдени әртүрлілікті насихаттау мақсатында бүгін №9 Меркі колледжінің бастамасымен ерекше форматтағы «Бауырсақ Fest» халықаралық фестивальі ұйымдастырылды.