31 Июл 2025, Чт

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ – ЖАСТАР БОЛАШАҒЫ

Елімізде 2024 жылдан бастап іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы жас ұрпақтың болашағына бағытталған маңызды жоба. Қаржы жинақтары арқылы әр бала – өз арманына бір қадам жақындай түседі. Соның бірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 1-курс студенті Ақжан Қуан – бағдарламаны өз кәдесіне жаратқандардың бірі.