25 Июл 2025, Пт

МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ ӨМІРГЕ СЕРПІН БЕРДІ

Қазіргі таңда Отырар ауданында мүгедектігі бар азаматтар өз кәсібін ашып, қоғам өміріне белсене араласып жүр. Қайтарымсыз гранттардың көмегімен түрлі салада жұмысын бастаған тұрғындар бүгінде табыс тауып қана қоймай, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлес қосып келеді.