Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау – елдегі инклюзивті саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектердің арқасында ерекше қажеттілігі бар жандар өз кәсібін ашып, қоғам өміріне белсенді араласып келеді. Соның ішінде қайтарымсыз мемлекеттік гранттар – азаматтардың әлеуетін көтеруге жасалып отырған нақты қадамдардың бірі.