3 Июл 2025, Чт

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ – ЖАНҰЯҒА ДЕМЕУ

Баласының мүгедектігіне мойымай, өмірін соған арнаған аналар – төзім мен мейірімнің тірі мысалы. Олар күнделікті тіршілікте тек ана емес, дәрігер, күтуші, педагог, тіпті психолог рөлін қатар атқарады. Осындай жандардың бірі – Ордабасы ауданында тұратын Майра Әмір. Ол ұлының күтіміне бар уақытын арнап, мемлекеттен бөлінетін көмек пен жәрдемнің арқасында күн сайын үмітпен өмір сүріп келеді. Арнайы құрал-жабдықтар, ай сайынғы төлемдер, әлеуметтік көмек – бәрі осы отбасының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Ал бұл қолдаудың артында – Жұмыспен қамту бөлімінің жүйелі еңбегі тұр.