Түркістанда мектеп психологтарына арналған маңызды семинар өтті. Қалалық әкімдіктің қолдауымен және «Бейсана» психологтар қоғамдастығының ұйымдастыруымен өткен шара Ұлы Дала Елі орталығында ұйымдастырылды. Семинардың басты тақырыбы – жасөспірім кезеңіндегі қиындықтар және олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары болды.