Тәтті тоқаштар мен сан түрлі тамақтар! Бұл мейрамхана емес Қызылорда қаласындағы қарапайым мектептердің ас мәзірі. Білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты енгізілді. Оған сәйкес 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстандағы барлық балабақша мен мектепте және колледждерде заманауи халықаралық салауатты тамақтану қағидаттарына негізделген. Жаңа үлгі Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрлігі, Қазақ тағамтану академиясы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар – ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп әзірленді.