17 Сен 2025, Ср

МЕКТЕПТЕГІ ЖАНЖАЛ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАМЕН АЯҚТАЛДЫ

Жамбыл облысында аз уақыт ішінде оқушылар арасында бірден екі қайғылы оқиға болды. Үш күннің ішінде екі жасөспірім — бірі Таразда, екіншісі Шу ауданында — ұрып-соғудан қайтыс болды. Кеше таңертең Тараз қаласындағы №47 орта мектепте қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, сабақ кезінде тоғызыншы сынып оқушылары арасында жанжал шығып, ол төбелеске ұласқан.