Қоғамдағы әрбір жанның өмір сүруге, құрметке ие болуға құқығы бар. Бұл -әділеттіліктің басты қағидасы. Ал Мақтаарал ауданында орналасқан «Мейірім-Шапағат» күндіз болу орталығы -осы ұстанымды өміршең ететін ерекше мекеме. Мұнда мүгедектігі бар балалар үшін жылы орта қалыптасқан.