4 Ноя 2025, Вт

МЕЙІРІМ МЕН СЕНІМ — БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ ҚАЛҚАН

Тараз қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда құқықтық және психологиялық түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Мектеп ұжымы құқық қорғау органдарының ұсыныстары негізінде оқушыларға заңмен қорғалатын құқықтары туралы толық ақпарат беріп, олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасауда.