19 Июн 2025, Чт

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі- өңірдегі әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің басты ұйытқысы. Мекеме бірнеше әлеуметтік қызмет орталықтары арқылы мүгедектігі бар азаматтарға күнделікті көмек көрсетеді. Сонымен қатар, жұмыспен қамту бағдарламалары аясында тұрғындар жаңа мамандыққа ие болып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.