20 Июн 2025, Пт

МАҚТААРАЛДА МҮЕГЕДЕКТІГІ БАР ЖАНДАРҒА ҚОЛДАУ АРТЫП КЕЛЕДІ

Мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету -Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басты міндеттерінің бірі. Қазір аудан бойынша ерекше қажеттілігі бар жандарға түрлі қызмет түрлері көрсетілуде. Атап айтқанда, үй жағдайында әлеуметтік көмек көрсету, оңалту құралдарымен қамтамасыз ету, жеке көмекшілер мен ым-ишара тілінің мамандарын тағайындау сияқты маңызды жұмыстар жолға қойылған.