Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шараларының арқасында мүгедектігі бар жандар да еңбекке араласып, өз орнын табуға мүмкіндік алып отыр. Отырар аудандық Мансап орталығының бастамасымен дизайнерлік қабілеті бар Абылайхан Дүйсенбек те тігін цехына жұмысқа орналасып, бүгінде өз ісін дөңгелетіп отыр.
