Түлкібас ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Аудандық Мансап орталығы тек жұмыс беруші мен жұмыс іздеушіні байланыстырумен шектелмейді. Бұл мекеме әрбір азаматтың мүмкіндігін, қабілетін ескере отырып, жаңа мамандық алуға, кәсіби бағдарын табуға көмектеседі.