Қоғамда әр адамның өз орны бар. Мүгедектігі бар жандар да-сол қоғамның ажырамас бөлігі. Бүгінде олар тек өздеріне ғана емес, айналасына да пайда әкеліп, еңбек етіп жүр. Бірі-қызмет көрсету саласында, бірі-саудада, енді бірі-өз кәсібін ашып, өзгелерге жұмыс беріп отыр. Бұл-олардың қайсарлығының, өмірге деген құштарлығының және мемлекет ұсынған мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білгенінің дәлелі.