19 Авг 2025, Вт

КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында автомобиль жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа шаралар қолға алынуда. Аймақта көліктік бақылауды күшейтіп, жүк көліктерінің шамадан тыс салмақпен жүруіне жол бермеу үшін автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жиында облыс әкімі нақты тапсырмалар беріп, заңсыздыққа жол берілмейтінін атап өтті.