9 Сен 2025, Вт

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қаламызда кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелерімен бірге Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаменті мен жер қатынастары басқармасының өкілдері, облыстық прокуратура, қала және аудан әкімдіктерінің жауапты мамандары, сондай-ақ өңір кәсіпкерлері қатысты.