22 Авг 2025, Пт

«КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

үркістан қаласында Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өз мәресіне жетті. Қасиетті күй өнерін дәріптеуді мақсат еткен бұл байқауға еліміздің әр өңірінен келген домбырашылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Өнер додасының шымылдығын Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.