Түркістанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Өңірдің жас сарбаздары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде борышын өтеуге аттанбақ. Әскерге шығар алдында олар Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысып, сарбаз өмірінің қыр-сырын көзімен көрді.