4 Сен 2025, Чт

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ШАРА ӨТТІ

Кентау қаласында Білім күні мен Жұмысшы мамандықтар жылына арналған облыстық іс-шара ұйымдастырылды. Кентау политехникалық колледжінің бастамасымен өткен шараға өндіріс өкілдері мен жаңа оқу жылын бастаған студенттер қатысты. Бұл бастама жастардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындап, жаңа оқу жылының ерекше басталуына жол ашты.