13 Окт 2025, Пн

«КЕНТАУ КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойына орай Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Кентау. Кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми конференция өтті. Жиынға қала тұрғындары, өңірден келген қонақтар және ардагерлер қатысты. Басқосуда Кентаудың тарихы, жеткен жетістіктері және алдағы даму бағыты талқыланды. Сонымен қатар, арнайы көрме ұйымдастырылып, қала тарихынан сыр шертетін құнды деректер көпшілік назарына ұсынылды.