Түркістан қаласы Сауран ауданында 30 тамыз – Конститутция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған білім ұясының ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, білім күнімен және Ата заңымыздың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.