Байзақ ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған №7 орта мектепте ашық есік күні өткізіліп, журналистердің баспасөз туры ұйымдастырылды.Сарыкемер ауылында орналасқан бұл заманауи мектеп 600 оқушыға арналған. 2024 жылдың 1 қыркүйегінде қолданысқа берілген білім ошағында бүгінде 72 педагог қызмет етеді. Жаңа мектептің материалдық-техникалық базасы қазіргі талаптарға толықтай сай. Білім күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мектептің жаңа оқу жылына дайындығын көріп қайтты.