Тараз қаласында Республика күні қарсаңында «Капитан Байтасов» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Жабық көрсетілімді Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдастырды. Кино премьерасына жергілікті атқарушы билік өкілдері, ішкі істер органдарының басшылары, ардагерлер, батырдың отбасы және жастар қатысты.

