Бүгінде интернет кеңістігі күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналды. Онлайн төлемдер, интернет-дүкендер — бүгінде кеңінен қолданылып, өмірді айтарлықтай жеңілдетуде. Алайда осы мүмкіндіктермен қатар, интернет арқылы жасалатын алаяқтық деректері де қарқын ала бастады. Бұл өз кезегінде азаматтардың саналы әрі сақ болуын талап етеді.